22.01.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
барлық сайлау процесіне қатысушыларға үндеуі туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының барлық сайлау процесіне қатысушыларға үндеуінің (бұдан әрі - Үндеу) мәтіні бекітілсін.
2. Осы Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
2016 жылғы 22 қантардағы № 5/88 қаулысы