20.01.2016 |
![]() |
2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының кейбір нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімі (1-қосымша);
2) дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы сайлау комиссиясының шешімі (2-қосымша);
3) дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы сайлау комиссиясының шешімі (3-қосымша);
4) сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
5) шет мемлекет немесе халықаралық ұйым байқаушысының куәлігі (5-қосымша);
6) № 1 хабар (6-қосымша);
7) № 2 хабар (7-қосымша).
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 3/86 қаулысы