20.01.2016 |
![]() |
2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) азаматтың Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші (1-қосымша);
2) азаматтың Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың өмірбаяндық деректері (3-қосымша);
4) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы округтік сайлау комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
5) азаматтың Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамы болуға келісімі туралы өтініші (5-қосымша);
6) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
7) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының хаттамасы (7-қосымша);
8) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетені (8-қосымша);
9) мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (9-қосымша);
10) мәслихат депутатын сайлау нәтижелері туралы округтік сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) мәслихат депутаттығына кандидаттың куәлігі (11-қосымша);
12) мәслихат депутаттығына кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (12-қосымша);
13) № 5 хабар (13-қосымша).
2. «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/107 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
2016 жылғы 20 қаңтардағы № 3/85 қаулысы