20.01.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімі (1-қосымша);
2) азаматтың партиялық тізімге енгізілуге келісімі туралы өтініші (2-қосымша);
3) азаматтың Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (3-қосымша);
4) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың өмірбаяндық деректері (4-қосымша);
5) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (5-қосымша);
6) саяси партияның сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (6-қосымша);
7) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетені (7-қосымша);
8) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетені (8-қосымша);
9) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру пунктін ашу туралы қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы (9-қосымша);
10) сайлау учаскесінде партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижелері туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы (11-қосымша);
12) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижелері туралы облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы (12-қосымша);
13) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы (13-қосымша);
14) партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (14-қосымша);
15) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (15-қосымша);
16) саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігі (16-қосымша);
17) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігі (17-қосымша);
18) саяси партияның сенім білдірген адамының куәлігі (18-қосымша);
19) № 3 хабар (19-қосымша);
20) № 4 хабар (20-қосымша).
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың өткізілуін ұйымдастыру үшін облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
2016 жылғы 20 қаңтардағы №3/84 қаулысы