13.01.2016 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы бірыңғай форматтағы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпарат осы қаулыға № 1, № 2 және № 3 қосымшаларға сәйкес бірыңғай форматта қамтылатын болып белгіленсін.»;
аталған қаулыға № 2 қосымшада:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы бірыңғай форматтағы ақпарат туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар (бұдан әрі - кандидаттар) туралы ақпарат мөлшері 21х29,7 сантиметр (А4 форматы) бірыңғай форматтағы ақпараттық плакатта қамтылады.»;
аталған қаулыға № 3 қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар (бұдан әрі – саяси партия) туралы ақпарат мөлшері 21х29,7 сантиметр (А4 форматы) бірыңғай форматтағы ақпараттық плакатта қамтылады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпараттық плакаттың оң және сол жақтарынан – саяси партияның атауы, саяси партияның мақсаттары мен міндеттері туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша ақпарат орналастырылады.»;
2) «Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 10/23 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулық осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы Б. Мелдешев