| 02.11.2026 |
|
«Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған
үй-жайда орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін
ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 27/53 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпараттық плакаттың сол және оң жақтарынан – кандидаттың, тиісінше, мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы және жылы, туған жері, азаматтығы, білімі, жұмыс орны, лауазымы, ұсыну тәсілі көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша өмірбаяны орналастырылады. Ұлты мен саяси партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.».
2. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 2 қараша
№ 68/121
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
