23.08.2005 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлау бюллетені (1 қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлаушы-лардың тізімі (2 қосымша);
3) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парағы (3 қосымша);
4) азаматтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге ниеті жөніндегі өтініші (4 қосымша);
5) азаматтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші (5 қосымша);
6) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат туралы өмірбаяндық деректер (6 қосымша);
7) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссиясының хаттамасы (7 қосымша);
8) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (8 қосымша);
9) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың шын екендігін тексерудің нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссиясының хаттамасы (9 қосымша);
10) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаты (кандидаттарды) тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (10 қосымша);
11) Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (11 қосымша);
12) Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезіндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссиясының хаттамасы (12 қосымша);
13) Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезіндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы (13 қосымша);
14) Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (14 қосымша);
15) Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде электрондық бюллетеньдермен дауыс бергендегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (15 қосымша);
16) электрондық және қағаз сайлау бюллетеньдерімен дауыс беру кезіндегі дауыс беру хаттамаларының деректері бойынша дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының жиынтық хаттамасы (16 қосымша);
17) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сенім білдіріл-ген адамының куәлігі (17 қосымша);
18) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың куәлігі (18 қосымша);
19) Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның халықаралық байқаушысы-ның және шетелдің бұқаралық ақпарат құралы өкілінің куәлігі (19 қосымша);
20) Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сенім білдірілген адамдарының тізімі (20 қосымша);
21) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беру кез-келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы шешімі (21 қосымша);
22) аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының дауыс беруді бастайтын және аяқтайтын басқа уақытты белгілеу туралы шешімі (22 қосымша);
23) учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беруге арналған учаскені ашуы туралы хаттамасы (23 қосымша);
24) № 1 нобай бойынша хабарлау (24 қосымша);
25) № 2 нобай бойынша хабарлау (25 қосымша);
26) № 3 нобай бойынша хабарлау (26 қосымша);
27) сайлау учаскесінің маңдайшадағы атауы (27 қосымша);
28) Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың күнтізбесі (28 қосымша);
29) тасымалданатын жәшіктен алынған, Қазақстан Республикасы Прези-дентін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін жарамсыз деп тану туралы акті (29 қосымша).
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков
Астана к., 2005 жылғы 23 тамыз
№ 11/23
Сайлау құжаттарының үлгілері (627 кб)