| 26.10.2026 |
|
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
қазақстан республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс
сайлауында қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың
республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстарға - 80 000 (сексен мың) теңге.
2. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, қалалар мәслихаттарының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 26 қазан
№ 66/116
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
