08.09.2005 |
![]() |
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар туралы ақпарат және ақпараттық плакаттарды дайындау тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына және 28-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар туралы ақпарат мөлшері 42 х 29,7 сантиметр (А3 форматы) бірыңғай форматтағы ақпараттық плакатта қамтылатын болып белгіленсін.
2. Ақпараттық плакатта:
1) ортасында - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың әкеліп берген мөлшері 15 х 20 сантиметр фотосуреті;
2) ақпараттық плакаттың оң және сол жақтарынан - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың тиісінше мынадай мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы және жылы, туған жері, азаматтығы, білімі, ұсыну тәсілі көрсетілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша өмірбаяны орналастырылады. Ұлты мен саяси партияға мүшелігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
3. Ақпараттық плакаттарды дайындауды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы орталықтандырып жүзеге асырады.
4. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға О. Жұмабеков
Астана к., 8 қыркүйек 2005 ж.
№ 13/30