23.08.2005 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы желтоқсандағы кезекті сайлауына байланысты қол қою парақтарын дайындау жєне Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасыныњ 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 2) және 16-2) тармақшаларына, 56-бабының 2-, 6- және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай сайлаушылардың Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдаған дұрыс қолдарының қажетті саны кемінде 85 989 (сексен бес мың тоғыз жүз сексен тоғыз) қол болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 23 тамыздағы № 11/23 қаулысымен бекітілген қол қою парағының үлгісін, осы қаулының 1-тармағын, сондай-ақ бүлінуі мен жоғалуы мүмкін екенін ескере отырып, 170 000 (жүз жетпіс мың) сайлаушылар қолы есебінен саны 4250 (төрт мың екі жүз елу) дана қол қою парақтары орталықтандырылып дайындалсын және олармен әрбір Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары Қ.Т. Тұрғанқұловқа жүктелсін.
Төраға О. Жұмабеков
Астана, 23 тамыз 2005 жыл
№ 11/24