14.09.2005 |
![]() |
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабы 6-тармағы 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес келеді деп анықталсын.
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинау үшін 4250 (төрт мың екі жүз елу) дана қол қою парақтары берілсін.
Төраға О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 14 қыркүйек
№15/34