| 13.10.2026 |
|
Қазақстан Республикасы
мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы
жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) азаматтың Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімге енгізілуге келісімі туралы өтініші (1-қосымша);
2) партиялық тізім (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігінің анықталғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (3-қосымша);
4) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес еместігінің анықталғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
5) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы
(5-қосымша);
6) партиялық тізімге енгізілген Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың куәлігі (6-қосымша);
7) саяси партияның сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (7-қосымша);
8) саяси партияның сенім білдірген адамының куәлігі (8-қосымша);
9) партиялық тізімдер бойынша мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (9-қосымша);
10) мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (11-қосымша);
2. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) азаматтың саяси партиядан, өзге қоғамдық бірлестіктен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде енгізілуге келісімі туралы өтініші (12-қосымша);
2) азаматтың бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде енгізілуге келісімі туралы өтініші (13-қосымша);
3) Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігінің (сәйкес еместігінің) анықталғаны туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (14-қосымша);
4) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (15-қосымша);
5) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (16-қосымша);
6) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына кандидаттың куәлігі (17-қосымша);
7) кандидаттың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (18-қосымша);
8) кандидаттың сенім білдірген адамының куәлігі (19-қосымша);
9) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (20-қосымша);
10) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясының хаттамасы (21-қосымша);
11) мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (22-қосымша);
3. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі құжаттардың қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімі (23-қосымша);
2) дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі (24-қосымша);
3) дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі (25-қосымша);
4) пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (26-қосымша);
5) есептен шығару куәліктерін пайдалану туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (27-қосымша);
6) сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы
(28-қосымша);
7) сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін ұсынған күнгі сайлау учаскелерінің саны және тізімдерге енгізілген сайлаушылардың саны туралы аумақтық сайлау комиссиясының хабары (29-қосымша);
8) Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға сайлаушылардың қатысуы туралы аумақтық сайлау комиссиясының хабары
(30-қосымша).
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 13 қазан
№ 60/100
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
