| 13.10.2026 |
|
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы
мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау
комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа
қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, оқыту сапасы мен мерзімдерін сақтай отырып, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастырсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қ.
2026 жылғы 13 қазан
№ 60/108
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
