08.09.2005 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған кезекті сайлауын
дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 2005 жылғы
8 қыркүйектегі № 13/27 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен.
Сайлау жарияланған күннен кейінгі күні – 2005 жылғы 8 қыркүйекте басталады және сайлау өткізілетін күнге екі ай қалған-да – 2005 жылғы 3 қазанда аяқталады.
(55 бап)
2. Кандидаттың назарына оның Қазақстан Республикасының Прези-денттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары.
2005 жылғы 8 қыркүйек – 3 қазан аралығындағы кезеңде.
(55-бап 2-тармақ, 3-тармақ 1) тармақша)
3. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыныл-ғаны туралы шешімді оның дауысқа түсуге келісім беруі жөніндегі өтінішімен Орталық сайлау комиссиясына ұсыну.
Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары, Қазақстан Республика-сының Президенттігіне кандидаттар.
2005 жылғы 8 қыркүйек – 3 қазан аралығындағы кезеңде.
(55-бап 2-тармақ, 3-тармақ 2) тармақша)
4. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың оған Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2, 3-тармақтарында, 41-бабы- ның 2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Азаматтың өзін-өзі ұсыну туралы өтініші немесе республикалық қоғамдық бірлестік-тің жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзіндісін кандидат-тың дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші-мен қоса тапсырған кезден бастап бес күн ішінде.
(54-бап)
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президентін
сайлау жөніндегі сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комис-сияларының құрамын жариялау.
Тиісті әкімдер. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.
Сайлау жарияланғаннан кейін 7 күннен – 2005 жылғы 14 қыркүйектен кешіктірмей.
(17-бап 2-тармақ, 23-бап)
6. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Президентін
сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.
Облыстық, Астана және Алматы қалалары-ның сайлау комиссиялары.
Сайлау жарияланғаннан кейін 10 күннен – 2005 жылғы 17 қыркүйектен кешіктірмей.
(13-бап 4-тармақ)
7. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылар-дың тізімдерін жасау.
Тиісті әкімдер.
8 қыркүйектен басталады және дауыс беру басталардан 20 күн бұрын – 2005 жылғы 13 қарашада аяқталады.
(24-бап 1, 5-тармақтар)
8. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылар-дың тізімдерін тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тапсыру.
Тиісті әкімдер.
Дауыс беру басталардан 20 күн бұрын – 2005 жылғы 13 қарашадан кешіктірмей.
(24-бап 5-тармақ)
9. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап.
(31-бап)
10. Қол қою парақтарын беру.
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Рес-публикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын-да белгіленген талаптарға сәйкестігін тек-серуден кейін бес күн мерзімнен кешіктір-мей.
(56-бап 3-тармақ)
11. Тиісті телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзімдік баспа басылы-мының редакциясы тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы мен жариялауы және оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпа-рат және спорт министрлігі.
Бұқаралық ақпарат құралдары.
Сайлау тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейінгі оныншы күннен кешіктірмей.
(28-бап 3-тармақ)
12. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметі қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хат-таманы ресімдеу.
Облыстық, Астана және Алматы қалалары-ның сайлау комиссиялары. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық қызметтері.
Қол қою парақтарын тапсырған күннен бастап он күндік мерзім ішінде.
(56-бап 7-тармақ)
13. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2005 жылғы 1 қыр-күйекке Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларациялар тапсыру.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидатты тіркегенге дейін.
(59-бап 2-тармақ)
14. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау күніне дейін 2 ай бұрын – 2005 жылғы 3 қазанда басталады және сайлау күніне 40 күн қалғанда – 2005 жылғы 24 қазанда аяқталады.
(59-бап 4-тармақ, 7-тармақ 2) тармақша)
15. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінде сайлау қорларын тіркеу.
Қазақстан Республикасының Президентті-гіне кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.
Президенттікке кандидат Қазақстан Респуб-ликасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінде өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде.
(34-бап 2-тармақ)
16. Халық банкінде сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
(34-бап 6-тармақ)
17. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Кандидаттарды тіркегеннен кейін жеті күннен кешіктірмей.
(59-бап 7-тармақ 1) тармақша)
18. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
Салық қызметі органдары.
Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде.
(59-бап 2-тармақ)
19. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден – 2005 жылғы 25 қазанда басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі – 2005 жылғы 2 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
(27-бап 2-тармақ)
20. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және оларды жабдықтау.
Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау жарияланған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін.
(28-бап 6-тармақ)
21. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жай беру.
Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгітке дайындық бары-сында және сайлау алдындағы үгітті жүр-гізу кезеңінде.
(28-бап 4-тармақ)
22. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Рес-публикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша.
Ұсыным келіп түскен кезден басталады, дауыс беру күнінен бес күн бұрын – 2005 жылғы 28 қарашада аяқталады
(20–1-бап 8-тармақ)
23. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі сайлаушылар-дың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беретін күнге 15 күн қалғаннан – 2005 жылғы 18 қарашадан кешіктірмей.
(26-бап 1-тармақ)
24. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыт пен орын туралы сайлау-шыларды хабардар ету.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беретін күнге 10 күн қалғаннан – 2005 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей.
(38-бап 2-тармақ)
25. Дауыс беруді бастайтын және аяқтайтын басқа уақытты белгілеу.
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Дауыс беретін күнге 7 күн қалғаннан – 2005 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей.
(38-бап 1-тармақ)
26. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.
Аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлаудан кем дегенде 1 күн бұрын – 2005 жылғы 2 желтоқсаннан кешіктірмей.
(37-бап 3-тармақ)
27. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын – 2005 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де.
(40-бап 1-тармақ)
28. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уа-қыты белгіленбесе, 2005 жылғы 4 желтоқ-санда жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін.
(38-бап 1-тармақ, 42-бап)
29. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттаманы жасау.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген бол-са, жергілікті уақытпен сағат жиырмада басталады және дауыстарды санау бастал-ғаннан бастап он екі сағаттан асырылмай жүргізіледі.
(43-бап)
30. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөнінде сайлау учаске-лерінде дауыс берудің нәтижелері туралы хаттаманы аудандық, қалалық сайлау комиссияларына тапсыру.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Дауыстарды санау аяқталып және хаттама жасалып болысымен – дереу.
(18-бап 8) тармақша, 43-бап)
31. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаске-сінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.
Учаскелік сайлау комиссиялары.
Хаттама толтырылып болысымен – дереу.
(43-бап 8-тармақ)
32. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде ауданда, қаладағы ауданда, қалада дауыстарды санаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттаманы жасау және оны облыстық сайлау комиссиясына тапсыру.
Аудандық, қаладағы аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.
Хаттама толтырылып болысымен – дереу.
(62-бап 1-тармақ)
33. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде облыста, Астана және Алматы қалаларында дауыстарды санаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттаманы жасау және оны Орталық сайлау комиссиясына тапсыру.
Облыстық, Астана және Алматы қалалары
сайлау комиссиялары.
Хаттама жасалған күннен бастап 2 күн мер-зім ішінде – 2005 жылғы 7 желтоқсаннан кешіктірмей Орталық сайлау комиссиясына жолданады.
(62-бап 1-тармақ)
34. Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың қорытындыларын анықтау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлаудан кейін 7 күндік мерзімнен – 2005 жылғы 11 желтоқсаннан кешіктірмей.
(12-бап 10) тармақша, 44-бап 1, 3-тармақтар, 65-бап 1-тармақ )
35. Сайланған Қазақстан Республикасы Президентін тіркеу.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күндік мерзімде – 2005 жылғы 11 желтоқсаннан кешіктірмей.
(45-бап, 66-бап 1-тармақ )
36. Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап 10 күндік мерзімде – 2005 жылғы 14 желтоқсаннан кешіктірмей.
(12-бап 10) тармақша, 44-бап 4-тармақ
1) тармақша)
37. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлаудың қорытындылары жарияланған күннен бастап 10 күннен – 2005 жылғы 24 желтоқсаннан кешіктірмей.
(34-бап 4-тармақ)
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1998 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.