| 13.10.2026 |
|
Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалсын.
2. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімдері 2026 жылғы 14 қазаннан бастап 2026 жылғы 27 қазандағы сағат он сегізге дейін белгіленсін.
3. Партиялық тізімдерді, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 1 қарашада сағат он сегізде аяқталатын болып белгіленсін.
4. Астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары және округтік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы,
2026 жылғы 13 қазан,
№ 60/98
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
