16.09.2005 |
![]() |
Астана қаласы 16 қыркүйек 2005 жыл
Төрағалық еткен: -О. И. ЖҰМАБЕКОВ
Қатысқандар:
Төрағаның орынбасары -Қ.Тұрғанқұлов
Комиссия хатшысы -В.К.Фоос
Комиссия мүшелері: -Б.С.Мелдешов
-М.Ә.Оспанова
-Т.В.Охлопкова
-Л.Ж.Сүлеймен
Облыстық, Астана мен Алматы қалалары
сайлау комиссияларының төрағалары
1999 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудағы және 2004 жылғы 10 және 24 қазанда Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау-дағы сайлау үрдісін бағалау жөнінде ұсынылған ЕҚЫҰ/АҚДИБ Миссиясы Есептерінің Талдауларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұсынған, ЕҚЫҰ/АҚДИБ ескертпелерін талқылай келе, Орталық сайлау комиссиясы шешім етеді:
1. «Сайлау» ААЖ электрондық сайлау жүйесін пайдалану Қазақстан Республикасындағы сайлау учаскелерінің жалпы санының 20 % аспайтын сайлау учаскелерінде кезең-кезеңмен енгізілсін. Осы сайлау учаскелерінде сайлаушы-ларға дауыс беру тәсілін (электрондық немесе қағаз бюллетеньмен) таңдау құқығы берілсін.
2. Сайлау комиссияларының отырыстары жариялы түрде, оларға бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақырумен өткізілсін. Сайлау комиссияларының отырыстарында қабылданған шешімдер жұртшылықтың назарына дер кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілсін.
3. Орталық сайлау комиссиясының жанында Қазақстан Республикасы Президентін сайлауды өткізу кезінде азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін жедел қарау үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Қаржы министрлігі өкілдерінен жұмыс тобы ұйымдастырылғаны назарға алынсын.
4. Аралас дауыс беру кезінде сайлаушыларды тіркеу сайлаушылардың қағаз тізімдері арқылы іске асырылсын. Дауыс берудің жиынтық хаттамасына енгізу үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны сайлаушылардың қағаз тізімдері бойынша анықталсын.
Сайлау учаскесінде электрондық дауыс беру және қағаз сайлау бюллетень-дерімен дауыс беру пайдаланылған кездегі учаскелік сайлау комиссиясы іс-әрекетінің тізбесі мен реттілігі әзірленсін. Іс әрекеттің тізбесі электрондық дауыс беру пайдаланылатын әрбір сайлау учаскесіне жеткізілетін болсын.
5. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары төменгі тұрған сайлау комиссия-лары мүшелерімен сайлау заңнамасы және сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлау учаскесінде дауыс беруді өткізу мен дауыстарды санау кезіндегі іс-әрекеті бойынша оқу өткізудің кестелерін әзірлеп, Орталық сайлау комиссиясына тапсырсын.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы науқан уақытында жаңалықтарды хабарлағанда бейтараптықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметі бақылауға алынсын.
Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған баспасөз-орталығы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесіп, оларды сайлау науқанын өткізу жөнінде барлық қажетті ақпаратпен таныстыратын болсын.
Орталық сайлау комиссиясы жанында ұйымдастырылған топ сайлау алдын-дағы науқанды жариялы етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг өткізсін.
7. Аумақтық сайлау комиссиялары мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары сайлау алдындағы науқанға араласуы немесе сайлаушыларға қысым көрсетуі туралы анықталған фактілерді тиісті шара қабылдау үшін дереу Орталық сайлау комиссиясының назарына жеткізетін болсын.
8. Саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және басқа коммерциялық емес ұйымдардан байқаушылардың құқықтарын заңсыз шектеуге тыйым салынсын.
9. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары әрбір сайлау учаскесіндегі дауыс-тарды санау туралы деректерді Орталық сайлау комиссиясына ОСК веб-сайтында жариялау үшін тапсырсын.
Төраға О. Жұмабеков