| 08.10.2026 |
|
«Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау
туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы
11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 15 қыркүйекте № 21198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті облыстық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны үш жүз мың адамға дейін болған кезде жиырма алты депутаттан.
Астананың және республикалық маңызы бар қаланың тиісті мәслихаты депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны бір миллион жүз мың адамға дейін болған кезде отыз депутаттан.
Есептеулерде халық саны екі жүз мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны екі бірлікке артады.
Сайланатын депутаттардың саны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санын негізге ала отырып, статистика саласындағы уәкілетті органның сайлау тағайындалған күннен кешіктірілмей жарияланған деректеріне сәйкес айқындалады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды.»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 1- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1. | Ақтөбе | 30 |
»;
реттік нөмірі 3- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 3. | Тараз | 28 |
»;
реттік нөмірі 9- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 9. | Семей | 22 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-жолмен толықтырылсын:
«
| 38. | Алатау | 11 |
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті қалалық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны елу мың адамға дейін болған кезде он бір депутаттан.
Есептеулерде халық саны жиырма бес мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.
Сайланатын депутаттардың саны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санын негізге ала отырып, статистика саласындағы уәкілетті органның сайлау тағайындалған күннен кешіктірілмей жарияланған деректеріне сәйкес айқындалады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды.»;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
реттік нөмірлері 1, 2, 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1. | Алматы облысының Қарасай ауданы | 25 |
| 2. | Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы | 25 |
| 3. | Алматы облысының Іле ауданы | 25 |
»;
реттік нөмірлері 22, 34, 110, 114-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 55-1. | Жамбыл облысының Жамбыл ауданы | 13 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 141-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 141-1. | Абай облысының Үржар ауданы | 11 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 167, 168, 169, 170, 171, 172-жолдармен толықтырылсын:
«
| 167. | Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы | 10 |
| 168. | Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы | 10 |
| 169. | Абай облысының Мақаншы ауданы | 10 |
| 170. | Абай облысының Жаңасемей ауданы | 10 |
| 171. | Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданы | 10 |
| 172. | Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданы | 10 |
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті аудандық мәслихат депутаттарының саны мынадай шектерде айқындалды: халық саны он бес мың адамға дейін болған кезде он депутаттан.
Есептеулерде халық саны он бес мың адамға ұлғайған кезде депутаттар саны бір бірлікке артады.
Сайланатын депутаттардың саны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының санын негізге ала отырып, статистика саласындағы уәкілетті органның сайлау тағайындалған күннен кешіктірілмей жарияланған деректеріне сәйкес айқындалады.
Осы ескертпе әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, қайта құрылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) жағдайда қолданылмайды.».
2. Осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
Астана қаласы,
2026 жылғы 2 қазан,
№ 55/92
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
