30.09.2005 |
![]() |
«2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға шет мемлекеттердің, халықаралық Ұйымдардың байқаушыларын, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 14/33 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12 және 20-1 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 14/33 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасының Президентін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезеңіне облыстарда, Астана және Алматы қалаларында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жәрдемдесу орталықтарын (бұдан әрі – Жәрдемдесу орталықтарын) құру туралы ұсыным жасалсын.
Жәрдемдесу орталықтары шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларының, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметін қаржыландыруды жүзеге асырмайтын болып белгіленсін».
;2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
Төрағасы О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 30 қыркүйек
№ 25/53