28.09.2005 |
![]() |
Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауын 2005 жылғы 4 жел-тоқсанда өткізуге байланысты Қазақ-стан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашудың және жүргізудің кейбір мәселелері
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 34-бабы 6-тар-мағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауын 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тіркеген Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттары (бұдан әрі – арнаулы шоттар) «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамында ашылатын және жүргізілетін болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты (О. С. Мұқанов) «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамымен арнаулы шоттарды ашу және жүргізу туралы шарт дайындауды және жасауды, сондай-ақ олардың дер кезінде ашылуын қамтамасыз ететін болсын.
3. Осы қаулы тіркелген Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Төраға О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 28 қыркүйек
№ 23/50