07.10.2005 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Прези-денттігіне кандидат болып тіркелсін.
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президент-тігіне кандидаттың куәлігі берілсін.
3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасы Прези-денттігіне кандидат етіп тіркеу туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 7 қазан
№ 28/58