| 05.08.2026 |
|
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы
бар азаматтарды сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 24, 25 және 26-баптарына, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтарды сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу алгоритмі бекітілсін.
2. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, азаматтарды тіркеуге қатысты қабылдауды жүзеге асыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлерін орналастыру үшін сайлау учаскелерін айқындасын әрі 2026 жылғы 5 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тиісті мәліметтерді ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп, сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу үшін сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтарды қабылдауды іске асырсын.
4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Е. Сәденов |
Астана қ.
2026 жылғы «3» тамыз
№ 44/78
Астана қ.
2026 жылғы «5» тамыз
№ 454/НҚ
Астана қ.
2026 жылғы «3» тамыз
№ 546
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
