| 05.08.2026 |
|
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ БҰЙРЫҚ
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы
бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық
үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24, 25 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру алгоритмі бекітілсін.
2. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, онлайн-сервиске қолжетімділікті алу үшін дауыс беру учаскелерін және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін айқындасын әрі 2026 жылғы 5 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тиісті мәліметтерді ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, онлайн-сервисті іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
4. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлауда дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім алуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
Астана қаласы
2026 жылғы 3 тамыз
№ 44/77
Астана қ.
2026 жылғы «5» тамыз
№ 453/НҚ
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
