22.10.2005 |
![]() |
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Майя Төлегенқызы Қарамаеваның Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабы 6-тармағы 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Майя Төлеген-қызы Қарамаева Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақ-стан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп анықталсын.
Төрағаның міндеттерін атқарушы
Қ. Тұрғанқұлов
Астана, 2005 жылғы 22 қыркүйек
№ 20/42