| 20.07.2026 |
|
«Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігін Қазақстан
Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу
туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі хатының және 2026 жылғы 17 шілдедегі заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/46 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында «Әділет» саяси партиясы» деген сөздер «Әділет» партиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші тармағында «Әділет» саяси партиясы» деген сөздер «Әділет» партиясы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Председатель |
Н. Абдиров |
|
Секретарь |
Ш. Утемисов |
город Астана
20 июля 2026 года
№ 38/69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
