| 20.07.2026 |
|
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Қазақстан Халық партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
2. «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
5. «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 20 шілде
№ 39/70
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
