| 20.07.2026 |
|
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы»
Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
2. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
5. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 20 шілде
№ 40/71
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
