19.11.2005 |
![]() |
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 20-1-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 11 қарашадағы № 7-10-05 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тізімге сай 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сайлауды байқау жөніндегі Халықаралық Автономиялық Коммерциялық емес Ұйым Миссиясының (CIS-EMO) б айқаушыларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында тіркеудің күші жойылсын.
2. «2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердің байқаушыларын тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 28 қазандағы № 14/33-4 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында тіркелген халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердіңбайқаушыларының тізімінде:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сайлауды байқау жөніндегі Халықаралық Автономиялық Коммерциялық емес Ұйымның Миссиясы (CIS-EMO)» деген 2-бөлім алынып тасталсын.
3. «2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 8 қарашадағы № 14/33-5 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында тіркелген шет мемлекеттердің,халықаралық ұйымдардың байқаушыларының тізімінде:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сайлауды байқау жөніндегі Ұйым (CIS-EMO)» деген 3-бөлім алынып тасталсын.
4. Қосымшада аталған ұйымның байқаушыларына берілген куәліктер жарамсыз деп танылсын және кері қайтарылсын.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
6. Осы қаулы мен байқаушылардың жарамсыз деп танылған куәліктерінің нөмірлері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В. Охлопковаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 18 қараша
№ 45/92
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 18 қарашадағы № 45/92
қаулысымен бекітілген
2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына тіркеудің күші жойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сайлауды байқау жөніндегі Халықаралық Автономиялық Коммерциялық емес Ұйым Миссиясы (CIS-EMO)
байқаушыларының тізімі
1. Богданович Марина Мартовна;
2. Шинкарик Игорь Александрович;
3. Новосельчан Степан Николаевич;
4. Горбачев Виктор Борисович;
5. Корниенко Александр Николаевич;
6. Люшкевич Александр Федорович.
1. Бектұрганов Данила Болатұлы;
2. Сизов Михаил Валерьевич;
3. Тұрысбекова Әлия Әсетқызы.
1. Болотбек кызы Гулнара;
2. Орлова Мария Юрьевна;
3. Усубалиева Гульмира Тургунбековна.
1. Малинников Сергей Юрьевич;
2. Кочетков Алексей Владимирович;
3. Кармацкий Виктор Иванович;
4. Гайдай Анатолий Васильевич;
5. Ларин Роман Михайлович;
6. Князькин Игорь Николаевич;
7. Юбицкий Денис Витальевич;
8. Похабов Николай Андреевич.