| 01.07.2026 |
|
«Банк мекемесін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2014 жылғы 17 шілдедегі №11/234 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банк мекемесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі №11/234 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде «Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 43-тармағына» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттары ашылатын және жүргізілетін банк мекемесі «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы болып айқындалсын»;
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 1 шілде
№ 26/57
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
