| 01.07.2026 |
|
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттарын сайлауды өткізу кезеңіндегі
шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары,
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің
кейбір мәселелері туралы
««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-бабының 8) тармақшасына, 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледі.
Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өз байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың сайлау өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігі беріледі.
3. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауды байқауды жүзеге асыра алады.
4. Дауыс беру күні сайлау учаскесінде шет мемлекеттің және халықаралық ұйымның байқаушысымен, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілімен өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде аудармашы бірге жүруге құқылы.
5. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысын аккредиттеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша тиісті шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның өтініші негізінде Орталық сайлау комиссиясы кері қайтарып алуы мүмкін.
6. Шет мемлекет және халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
7. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2026 жылғы 17 тамызда cағат он сегізде аяқталады.
8. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 1 шілде
№ 26/51
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
