| 01.07.2026 |
|
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау
құжаттарының нысандарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 2) және 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының қоса беріліп отырған нысандары белгіленсін:
1) азаматтың партиялық тізімге енгізілуге келісімі туралы өтініші (1-қосымша);
2) партиялық тізім (2-қосымша);
3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (3-қосымша);
4) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкес еместігін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (4-қосымша);
5) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі партиялық тізімді тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (5-қосымша);
6) партиялық тізімге енгізілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттың куәлігі (6-қосымша);
7) саяси партияның сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (7-қосымша);
8) саяси партияның сенім білдірген адамының куәлігі (8-қосымша);
9) сайлау учаскесінде партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (9-қосымша);
10) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы (10-қосымша);
11) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиясының хаттамасы (11-қосымша);
12) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы (12-қосымша);
13) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізімі (13-қосымша);
14) шет мемлекет немесе халықаралық ұйым байқаушысының куәлігі (14-қосымша);
15) дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі (15-қосымша);
16) дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі (16-қосымша);
17) пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (17-қосымша);
18) есептен шығару куәліктерін пайдалану туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы (18-қосымша);
19) сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы (19-қосымша);
20) сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін ұсынған күнгі сайлау учаскелерінің саны және тізімдерге енгізілген сайлаушылардың саны туралы аумақтық сайлау комиссиясының хабары (20-қосымша);
21) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға сайлаушылардың келуі туралы аумақтық сайлау комиссиясының хабары (21-қосымша).
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 1 шілде
№ 26/42
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
