| 01.07.2026 |
|
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды
дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 1 шілде
№ 26/41
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
