23.11.2005 |
![]() |
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларының, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайдағы қызметінің кейбір мәселелері
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 12- және 20-1-баптарына сәйкес, сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылықты және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков
2005 жылғы 23 қараша
№ 46/93
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 12- және 20-1-баптарына сәйкес, сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылықты және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында тіркелген шет мемлекеттің және халықаралық ұйымның байқаушысына, шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне оның тиісті куәлігі болған кезде дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап және сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін жеке басын куәландыратын құжатын көрсете отырып, бір аудармашының ілесіп жүруі мүмкін болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Президентін сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы О. Гловер ханымға – 2005 жылғы 14 қарашадағы № ОСК-11/1542и, сондай-ақ 2005 жылғы 16 қарашадағы № ОСК-11/1585и облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі өкілдеріне - бас сарапшыларына жіберілген хаттардың күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков
2005 жылғы 23 қараша
№ 46/93