27.11.2005 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-1-бабының 8-тармағына, «2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республика-сының Президентін сайлауға шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл-дерін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссия-сының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 14/33 қаулысының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 27 қараша
№ 14/33-13
- 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында қоса беріліп отырған тізімге сәйкес шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тіркелсін.
- Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тиісті куәліктер берілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т. В. Охлопковаға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 27 қараша
№ 14/33-13