28.11.2005 |
![]() |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 50-1 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Астана қаласы, 2005 жылғы 28 қараша
№ 45/91
- «Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауын 2005 жылы өткізу кезінде электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын сайлау учаскелерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 23/49 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың қағаздағы тізіміне электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып, дауыс беруге ниет білдірген сайлаушы қолының тұсына «ЭД» деген белгі қояды.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Сайлаушылар тізіміне енгізілмеген, бірақ өзінің осы сайлау учаскесінде дауыс беру құқығын растаған сайлаушыны учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылардың қағаздағы тізіміне енгізеді. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі электрондық сайлау жүйесін пайдалана отырып, дауыс беруге ниет білдірген сайлаушыны сайлау учаскесінің компьютеріне дейін ілесіп апарады және оның деректері мен сайлаушылардың қағаздағы тізіміндегі тіркеу нөмірін сайлау учаскесінің компьютеріне енгізеді.».
- Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына жіберілсін.
- Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары осы қаулыны барлық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының назарына жеткізсін
Астана қаласы, 2005 жылғы 28 қараша
№ 45/91