30.11.2005 |
![]() |
2005 жылғы 19 тамыздағы сайлауда сайланған және Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1676 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республи-касы Парламенті Сенатының депу-таттарын тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10)-тармақшасына, 45, 46 баптарына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, 2005 жылғы 19 тамызда сайланған, төмендегі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тіркелсін:
Ақмола облысынан
1) Серік Әкпенұлы Аяғанов;
Ақтөбе облысынан
2) Еділбай Исламұлы Иманқұлов;
Алматы облысынан
3) Нүсіпжан Нұрманбетұлы Нұрманбетов;
Атырау облысынан
4) Қайрат Қыдрбайұлы Ищанов;
Шығыс Қазақстан облысынан
5) Талғатбек Жәмшитұлы Абайділдин;
Жамбыл облысынан
6) Өмірбек Байгелди;
Батыс Қазақстан облысынан
7) Рашит Сайранұлы Ахметов;
Қарағанды облысынан
8) Серік Байсеитұлы Ақылбай;
Қызылорда облысынан
9) Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов;
Қостанай облысынан
10) Евгений Иосифович Аман;
Маңғыстау облысынан
11) Жансейіт Сәрсенқұлов;
Павлодар облысынан
12) Жақай Жұбайұлы Нұрғалиев;
Солтүстік Қазақстан облысынан
13) Тасбай Қабашұлы Симамбаев;
Оңтүстік Қазақстан облысынан
14) Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов;
Астана қаласынан
15) Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев;
Алматы қаласынан
16) Ақан Құсайынұлы Бижанов.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттарын тағайындау туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1676 Жарлығы негізінде төмендегі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тіркелсін:
1) Нұртай Әбіқаев;
2) Нұрлығайым Шалданқызы Жолдасбаева;
3) Әбіш Кекілбаев;
4) Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев;
5) Иоган Давидович Меркель;
6) Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаев;
7) Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов.
3. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутат-тарына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі табыс етілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков
Астана қаласы, 2005 жылғы 30 қараша
49/100