21.06.2007 |
![]() |
Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 350 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалған кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (1-қосымша);
2) Төртінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын, депутаттарының 2007 жылғы 20 тамызға тағайындалған кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (2-қосымша) бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспарлар облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Күнтізбелік жоспарлар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Астана, 2007 жылғы 21 маусым
№ 89/165