21.06.2007 |
![]() |
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 14) тармақшасына, 101-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес мәслихаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы 2007 жылғы 18 тамызға тағайындалсын. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсыну 2007 жылғы 22 маусымнан басталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін және ол облыстық, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы
Б. Мелдешов
Астана, 2007 жылғы 21 маусым
№ 89/166