САЙЛАУ УЧАСКЕСІ (дауыс беруге арналған пункт) – жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен, стационарлық және тасымалданатын сайлау жәшіктерімен жабдықталған үй-жайда арнайы бөлінген орын. Әрбір сайлау учаскесінің өз нөмірі бар. Оларда сайлау комиссиясының мүшелеріне үшін үстелдер мен орындықтар, байқаушыларға, сенім білдірілген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған орындықтар, сайлау немесе референдум өткізуге қажетті басқа да жабдықтар мен материалдар көзделеді. Сайлау учаскелерінде кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы мәліметтерді қоса алғанда, тиісті ақпараты бар ақпараттық стендтер де орнатылған. Бұдан басқа, сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жабдықталады.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
