ДЕПУТАТТЫҢ ИМПЕРАТИВТІ МАНДАТЫ – тұлғаның депутат мәртебесінде болуы белгілі бір талаптарға байланысты сипатта болады, ол бұзылған жағдайда оны  кері шақырып алуға болады деген қағида. Мысалы, депутат сайлау алдындағы уәделерін орындау қажеттілігімен немесе саяси партиядан партиялық тізімдер бойынша сайланған жағдайда партиялық фракциядан шығуға тыйым салумен шектелуі мүмкін. Императивті мандат кезінде, еркін мандаттан айырмашылығы, заңнама белгілі бір рәсімдер сақталған жағдайда, депутатты кері шақырып алу мүмкіндігін қарастырады.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
Аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы