БОЛУ ОРНЫНДА ДАУЫС БЕРУ – сайлаушының тіркелген жері бойынша сайлау учаскесінде емес, басқа сайлау учаскесінде немесе тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу туралы азаматтың жазбаша өтініші негізінде сайлау комиссиясы дауыс беру үшін арнайы ұйымдастырған басқа жерде дауыс беру арқылы өз таңдауын білдіру рәсімі. Уақытша болу орындары демалыс үйлері, санаторийлер, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелері, алыс мал шаруашылығы учаскелері, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары, шет мемлекеттер, Қазақстанға қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелер және басқа да  орындар болуы мүмкін.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
Аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы