Фотогалерея





Пікірталас өткізу дағдыларын бағалау өлшемдері


1. Тақырыпты баяндау


А) қисындылығы (сөйлеген сөз қисынды құрылымданған, дәйекті, фрагментті)

Б) жүйелілік (мақсат пен нәтиженің біртұтастығы, көзқарасты нақты баяндау, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну)

В) мазмұндылық (сөйленген сөздің тақырыпқа сәйкестігі, фактілерді, аргументтер мен дәлелдерді еркін меңгеруі, сындарлылығы)

Г) сөйлеу сауаттылығы (теорияны меңгеру, терминдерді, ғылыми тәсілдерді пайдалануы, креативтілігі)


2. Жеке қасиеттері


А) шешендік дарыны (аудиторияның қызығушылығын оята білу, айтқанын тыңдата білу, сендіру қабілеті)

Б) сөйлеу мәдениеті (дикциясы, әдептілігі, регламентті сақтауы)

В) психологиялық ерекшеліктері (күйзеліске қарсы тұрақтылығы (толқу дәрежесі), өзін-өзі ішкі сезінуі (еркін, қысылып), артистизм (сезімтал баяндауы, дауыстың қаттылығы, ишараны пайдалану)