Жедел қызмет көрсету

«ҚР ОСК ИТО» РМК қызметкерлері мынадай қызметтер көрсетеді:
- ҚР ОСК және «ҚР ОСК ИТО» РМК қызметкерлеріне есептеу техникасы құралдарын және бағдарламалық қамтылымды пайдалану бойынша консультациялар беру;
- ҚР ОСК және «ҚР ОСК ИТО» РМК өткізетін іс-шараларды техникалық сүйемелдеу (аудио, видео, фото сүйемелдеу);
- есептеу техникасы құралдарына профилактика жүргізу, оларға жедел және техникалық қызмет көрсету;
- және т.б.

image1 image2 image4

image5 image6

Серверлерді, серверлік және желілік жабдықты әкімшілендіру

«ҚР ОСК ИТО» РМК серверлерді, серверлік және желілік жабдықтарды әкімшілендіру және оларға қызмет ету бойынша қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар желінің жалпы жұмыс істеу қабілетін (физикалық қосындылардың болуы, қажетті құрылғылардың жұмыс істеу қабілеті және т.б.), пайдаланушылардың желіге қолжетімділігін (пайдаланушылардың аттары мен парольдерін үлестіру, қажетті жалпы ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету), желілік қауіпсіздікті (құпия ақпаратқа қолжетімділікті шектеу, ресурстарға қолжетімділікті басқару, желіні сырттан еніп кетуден қорғау) қамтамасыз етеді.

image1 image2 image3

Ақпараттық қауіпсіздік

ҚР ОСК-мен жасасқан шартқа сәйкес «ҚР ОСК ИТО» РМК-ның жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезіндегі негізгі мақсаты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, ұйымдастыру-техникалық және бағдарламалық-аппаратты іс-шараларды жүргізу арқылы желілерге және Интернет желісіндегі байланыс арналарына, есептеу техникасы құрадарының, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың жай-күйіне үздіксіз бақылау, жүйелер мен ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау қамтамасыз етіледі. ҚР ОСК-ның техникалық құжаттамасына сәйкес «ҚР ОСК ИТО» РМК-ның ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттамасы әзірленді. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар және АҚ-ны қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарды (бұдан әрі - БТ) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысы) орындау мақсатында, ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқшау бөлімше құру бөлігінде бұл функция «ҚР ОСК ИТО» РМК-да ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бас маманға жүктелген.

image1 image2 image3

Ақпараттық жүйелер

«ҚР ОСК ИТО» РМК ақпараттық жүйелерді әзірлеумен және сүйемелдеумен айналысады, біз мынадай ақпараттық жүйелерді әзірледік: