Жоғары оқу орындарының студенттері арасында сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша викторина өткізуді бағалау
ЖҮЙЕСІ



1. Викторинаның бірінші кезеңі барысында тест тапсырмаларының әрбір дұрыс жауабы үшін 1 балл есептеледі.

2. Екінші кезеңге бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған он қатысушы өтеді.

3. Екінші кезең барысында үміткерлерден пікірсайыс жүргізу дағдыларын анықтау бойынша ұлттық қазылар алқасының мүшелері қойған ең жоғары балл санын жинаған қатысушы жеңімпаз болып табылады.

4. Егер бірнеше қатысушы бірдей жиынтық балл санын жинаған жағдайда, викторинаның екінші кезеңі барысында оларға жеңімпазды анықтау үшін қосымша тапсырма ұсынылады.