Хабарландыру



Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау құқығы және сайлау процессі мәселелері бойынша ұлттық викторина өткізілетінін хабарлайды.

Викторина Қазақстан жоғары оқу орындарының, бітірушілерден басқа, студенттері арасында жүргізіледі.

Жоба ұйымдастырушылары:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты;

- Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы.

Викторина екі кезеңде өтеді:

1 кезең – сайлау құқығы және сайлау процесі мәселелері бойынша тестілеу түріндегі интерактивті викторина (2019 ж. 21-25 мамыр);

2 кезең – тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған студенттер арасынан дебаттар жүргізудің үздік дағдылары бар жеңімпазды іріктеу (2019 ж. 27-30 мамыр).

Ұлттық викторинаның жеңімпазы ТМД құрама командасының құрамына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласында ғы Халықаралық ғылыми пікірталасқа (қабылдаушы тараптың қаражаты есебінен) жіберіледі.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады

8 (7172) 75 29 13,

8 777 777 87 20 (WhatsApp),

e-mail: shake2014@mail.ru, t.ryspekov@elecion.gov.kz