Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттар сайлауы

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2014 жылғы 2 қазандағы № 19/247
қаулысына қосымша


2014 жылғы 1 қазанда болған
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын
сайлаудың қорытындылары туралы



Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 871 Жарлығына сәйкес 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында болды деп танылғанын хабарлайды.

39 кандидат дауысқа түсті.

3279 таңдаушының 3236-сы немесе таңдаушылардың жалпы санының 98,69 пайызы дауыс беруге қатысты.

Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 12 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

- Ақмола облысынан Әкімов Рашит Қайыржанұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 250 (92,9 пайыз), Жүніс Болат Ғаббасұлы үшін 19 (7,1 пайыз) дауыс берілді;

- Ақтөбе облысынан Сағиев Айбек Игілікұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 19 (9,5 пайыз), Тағымов Марат Мырзағалиұлы үшін 181 (90,5 пайыз) дауыс берілді;

- Алматы облысынан Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 285 (88,8 пайыз), Темірбаев Алик Едресұлы үшін 36 (11,2 пайыз) дауыс берілді;

- Атырау облысынан Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 114 (87,0 пайыз), Сәрсемалиев Ғилман Әміржанұлы үшін 8 (6,1 пайыз), Теміров Қамбар Әндіржанұлы үшін 9 (6,9 пайыз) дауыс берілді;

- Батыс Қазақстан облысынан Мұқаев Ерболат Рахметұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 181 (94,8 пайыз), Саққазов Асылбек Ғұмарұлы үшін 10 (5,2 пайыз) дауыс берілді;

- Жамбыл облысынан Дүйсембаев Махамбет Ахметұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 10 (5,0 пайыз), Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы үшін 179 (89,5 пайыз) дауыс, Новоселов Владимир Борисович 11 (5,5 пайыз) дауыс берілді;

- Қарағанды облысынан Ершов Сергей Михайлович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 269 (94,1 пайыз), Распопов Николай Иванович үшін 17 (5,9 пайыз) дауыс берілді;

- Қостанай облысынан Бегісбаев Темірхан Серікболұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 26 (9,0 пайыз), Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы үшін 240 (82,8 пайыз), Жәркенов Асқар Кәрімбайұлы үшін 24 (8,2 пайыз) дауыс берілді;

- Қызылорда облысынан Еламанов Бекмырза Қайыпұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 120 (82,8 пайыз), Оразбекұлы Әшім үшін 13 (9,0 пайыз), Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы үшін 12 (8,2 пайыз) дауыс берілді;

- Маңғыстау облысынан Әбуғалиев Қадырбек Өтеуліұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 14 (12,5 пайыз), Бортник Михаил Михайлович үшін 98 (87,5 пайыз) дауыс берілді;

- Оңтүстік Қазақстан облысынан Бектаев Әли Әбдікәрімұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 238 (77,8 пайыз), Үсенов Данияр Қозыбайұлы үшін 68 (22,2 пайыз) дауыс берілді;

- Павлодар облысынан Жапарбеков Айтқазы Нұрғазыұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 15 (7,4 пайыз), Көбенов Манап Шарапиденұлы үшін 164 (80,8 пайыз), Нұрмағамбетов Қайрат Қайыржанұлы үшін 24 (11,8 пайыз) дауыс берілді;

- Солтүстік Қазақстан облысынан Отрадных Владимир Васильевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 33 (16,2 пайыз), Перепечина Ольга Валентиновна үшін 171 (83,8 пайыз) дауыс берілді;

- Шығыс Қазақстан облысынан Кутовой Виктор Александрович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 45 (14,7 пайыз), Плотников Сергей Викторович үшін 262 (85,3 пайыз) дауыс берілді;

- Астана қаласынан Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 23 (92,0 пайыз), Қаратаев Бейсембек Шоқтайұлы үшін 0 (0 пайыз), Смородин Александр Викторович үшін 2 (8,0 пайыз) дауыс берілді;

- Алматы қаласынан Баймұхамбетов Қуандық Сергейұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 2 (5,9 пайыз), Мадибраимов Қалдыбай Махатайұлы үшін 2 (5,9 пайыз), Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы үшін 30 (88,2 пайыз) дауыс берілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар:

Ақмола облысынан - Әкімов Рашит Қайыржанұлы, 1954 жылы туған, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, Көкшетау қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Ақтөбе облысынан - Тағымов Марат Мырзағалиұлы, 1952 жылы туған, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Алматы облысынан - Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы, 1966 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Алматы облысының Қазыбек бек ауылы, қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Атырау облысынан - Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, 1963 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Атырау қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Батыс Қазақстан облысынан - Мұқаев Ерболат Рахметұлы, 1961 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Орал қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Жамбыл облысынан - Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы, 1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Тараз қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Қарағанды облысынан - Ершов Сергей Михайлович, 1960 жылы туған, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның жобалау қызметін дамыту жөніндегі директоры, Жезқазған қ., орыс, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Қостанай облысынан - Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы, 1957 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Қостанай қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Қызылорда облысынан - Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, 1950 жылы туған, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, Қызылорда қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Маңғыстау облысынан - Бортник Михаил Михайлович, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтау қ., украин, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Оңтүстік Қазақстан облысынан - Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, 1962 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Павлодар облысынан - Көбенов Манап Шарапиденұлы, 1957 жылы туған, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, Павлодар қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Солтүстік Қазақстан облысынан - Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облыстық статистика департаментінің басшысы, Петропавл қ., орыс, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Шығыс Қазақстан облысынан - Плотников Сергей Викторович, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Өскемен қ., орыс, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Астана қаласынан – Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы, 1956 жылы туған, «Цесна Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Астана қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

Алматы қаласынан - Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы, 1950 жылы туған, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы, Алматы қ., қазақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.



Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы