Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттар сайлауы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 22 тамыздағы № 55/95
қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 98 Жарлығына сәйкес 2011 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болып өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы Астана және Алматы қалалары, облыстық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының Астана және Алматы қалаларында, 14 облысында болды деп танылғанын хабарлайды.

39 кандидат дауысқа түсті.

3283 таңдаушының 3172-і немесе таңдаушылардың жалпы санының 96,6 пайызы дауыс беруге қатысты.

Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 26 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары мынадай болып анықталды:

Астана қаласынан Лапенко Андрей Николаевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 0 (0,0 пайыз), Мыңбаев Сәрсенбай Бердалыұлы үшін 2 (8,3 пайыз), Редкокашин Владимир Николаевич үшін 22 (91,7 пайыз) дауыс берілді;

Алматы қаласынан Бижанов Ақан Құсайынұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 30 (88,2 пайыз), Назарбетов Қожахмет Тайболатұлы үшін 1 (2,9 пайыз), Сәдуақасов Ерболат Сәдуақасұлы үшін 3 (8,9 пайыз) дауыс берілді;

Ақмола облысынан Байәділов Байкал Кайырлыұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 40 (15,4 пайыз), Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы үшін 220 (84,6 пайыз) дауыс берілді;

Ақтөбе облысынан Бәзекенов Ерлан Бекболатұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 3 (1,5 пайыз), Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы үшін 178 (90,8 пайыз), Самойленко Александр Николаевич үшін 15 (7,7 пайыз) дауыс берілді;

Алматы облысынан Керімбаев Руслан Кеңесқұлұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 18 (5,7 пайыз), Турлашов Лаззат Махатұлы үшін 296 (94,3 пайыз) дауыс берілді;

Атырау облысынан Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы үшін дауыс беруге
қатысқан таңдаушылар санынан 85 (66,4 пайыз), Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы үшін 12 (9,4 пайыз), Шпанов Еркін Мәжитұлы үшін 31 (24,2 пайыз) дауыс берілді;

Шығыс Қазақстан облысынан Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 270 (89,7 пайыз), Әміржанов Төлеубек Кабытайұлы үшін 31 (10,3 пайыз) дауыс берілді;

Жамбыл облысынан Астаев Ертарғын Кәкімбекұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 167 (90,8 пайыз), Савченко Андрей Анатольевич үшін 17 (9,2 пайыз) дауыс берілді;

Батыс Қазақстан облысынан Ахметов Рашит Сайранович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 173 (86,9 пайыз), Көбейсінов Мәлік Құспанұлы үшін 15 (7,6 пайыз), Қажығалиев Жәнібек Сапашұлы үшін 11 (5,5 пайыз) дауыс берілді;

Қарағанды облысынан Ақылбай Серік Байсеитұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 265 (94,6 пайыз), Исағулов Аристотель Зейноллаұлы үшін 15 (5,4 пайыз) дауыс берілді;

Қостанай облысынан Құрманов Аяп Конлямжайұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 8 (2,7 пайыз), Мұратов Асқар Аронұлы үшін 14 (4,9 пайыз), Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы үшін 266 (92,4 пайыз) дауыс берілді;

Қызылорда облысынан Алшынбаев Сейтқали Бегманұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 11 (7,9 пайыз), Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы үшін 15 (10,8 пайыз), Мұхамедов Мұрат Бахтиярұлы үшін 113 (81,3 пайыз) дауыс берілді;

Маңғыстау облысынан Оспанов Еркін Амангелдіұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 2 (1,8 пайыз), Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы үшін 108 (98,2 пайыз) дауыс берілді;

Павлодар облысынан Күзеков Асхат Сәйпиұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 179 (91,3 пайыз), Қабдуалиев Марат Зейнекенұлы үшін 17 (8,7 пайыз) дауыс берілді;

Солтүстік Қазақстан облысынан Ескендіров Самат Сапарбекұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 170 (82,5 пайыз), Тәшенов Серік Серғалиұлы үшін 36 (17,5 пайыз) дауыс берілді;

Оңтүстік Қазақстан облысынан Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 235 (81,9 пайыз), Бердібеков Токсанбай үшін 52 (18,1 пайыз) дауыс берілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар:

Астана қаласынан – Редкокашин Владимир Николаевич, 1948 жылы туған, Астана қаласы мәслихатының хатшысы, Астана қ., орыс, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Алматы қаласынан - Бижанов Ақан Құсайынұлы, 1949 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі.

Ақмола облысынан - Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы, 1952 жылы туған, «Арқа Ажары» облыстық газетінің бас редакторы, Көкшетау қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Ақтөбе облысынан - Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы, 1947 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Ақтөбе қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Алматы облысынан - Турлашов Лаззат Махатұлы, 1960 жылы туған, Қарасай ауданының әкімі, Каскелең қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Атырау облысынан - Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы, 1950 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Атырау қ., қазақ «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Шығыс Қазақстан облысынан - Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы, 1948 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Өскемен қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Жамбыл облысынан - Астаев Ертарғын Кәкімбекұлы, 1950 жылы туған, Жамбыл ауданының әкімі, Тараз қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Батыс Қазақстан облысынан - Ахметов Рашит Сайранович, 1959 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Орал қ., татар, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қарағанды облысынан - Ақылбай Серік Байсеитұлы, 1949 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қарағанды қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қостанай облысынан - Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы, 1962 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қостанай қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қызылорда облысынан - Мұхамедов Мұрат Бахтиярұлы, 1957 жылы туған, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Маңғыстау облысынан - Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы, 1959 жылы туған, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, Ақтау қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Павлодар облысынан - Күзеков Асхат Сәйпиұлы, 1950 жылы туған, «Қазақтелеком» АҚ филиалының Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры, Павлодар қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Солтүстік Қазақстан облысынан - Ескендіров Самат Сапарбекұлы, 1966 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Петропавл қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Оңтүстік Қазақстан облысынан - Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы, 1947 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі.


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы