Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттар сайлауы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2008 жылғы 7 қазандағы № 145/284
қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар


Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі № 635 Жарлығына сәйкес 2008 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болып өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында өткізілді деп танылғанын хабарлайды.

37 кандидат дауысқа түсті.

3310 таңдаушының 3231-і немесе таңдаушылардың жалпы санының 97,61 пайызы дауыс беруге қатысты.

Сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 213 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары мынадай болып анықталды:

Ақмола облысынан Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 230 (85,8 пайыз), Қажыбаев Жаңаберген Қажыбайұлы үшін 32 (11,9 пайыз), Ыбыраев Бақтыбай Қабылдаұлы үшін 6 (2,2 пайыз) дауыс берілді;

Ақтөбе облысынан Әміров Иран Әмірұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 190 (96,4 пайыз), Ізғарин Қадыржан Іскендірұлы үшін 7 (3,6 пайыз) дауыс берілді;

Алматы облысынан Идрисов Қанат Айдарұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 21 (6,6 пайыз), Сүлейменов Нұрлан Ильясұлы үшін 299 (93,4 пайыз) дауыс берілді;

Атырау облысынан Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы үшін дауыс беруге
қатысқан таңдаушылар санынан 122 (96,8 пайыз), Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы үшін 4 (3,2 пайыз) дауыс берілді;

Шығыс Қазақстан облысынан Кавригин Дмитрий Юрьевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 6 (1,9 пайыз), Плотников Сергей Викторович үшін 297 (94,6 пайыз), Федосов Александр Иванович үшін 11 (3,5 пайыз) дауыс берілді;

Жамбыл облысынан Подшибякина Татьяна Борисовна үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 14 (9,5 пайыз), Савченко Александр Георгиевич үшін 134 (90,5 пайыз) дауыс берілді;

Батыс Қазақстан облысынан Бекмағамбетов Мағал Төлеуұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 11 (5,7 пайыз), Мұқаев Ерболат Рахметұлы үшін 181 (94,3 пайыз) дауыс берілді;

Қарағанды облысынан Ивченко Геннадий Иванович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 1 (0,4 пайыз), Кубайчук Юрий Алексеевич үшін 277 (99,6 пайыз) дауыс берілді;

Қызылорда облысынан Баймаханов Қожахмет үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 138 (97,2 пайыз), Махатов Бағдат Тагирұлы үшін 1 (0,7 пайыз), Сахтағанов Талғат Төлекұлы үшін 3 (2,1 пайыз) дауыс берілді;

Қостанай облысынан Валиев Құсайн Қасенұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 269 (93,1 пайыз), Қуанышбаев Сейітбек Бекенұлы үшін 5 (1,7 пайыз), Сәтмұхамбетов Серік Өмірзақұлы үшін 15 (5,2 пайыз) дауыс берілді;

Маңғыстау облысынан Бортник Михаил Михайлович үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 105 (95,5 пайыз), Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы үшін 5 (4,5 пайыз) дауыс берілді;

Павлодар облысынан Жұмабаев Ермек Жианшаұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 178 (89,4 пайыз), Ситказинов Айдар Кенжетайұлы үшін 21 (10,6 пайыз) дауыс берілді;

Солтүстік Қазақстан облысынан Башмаков Анатолий Афанасьевич үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 174 (80,9 пайыз), Қарбаев Есенгелді Шайкенұлы үшін 41 (19,1 пайыз) дауыс берілді;

Оңтүстік Қазақстан облысынан Опышев Жеңіс Даулетұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 28 (17,3 пайыз), Рахманбердиев Орынбай үшін 134 (82,7 пайыз) дауыс берілді;

Астана қаласынан Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 8 (32,0 пайыз), Омаров Қайсар Оспанұлы үшін 17 (68,0 пайыз) дауыс берілді;

Алматы қаласынан Құдайбергенов Күмісхан Керімбекұлы үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 4 (12,1 пайыз), Сетенов Тоқтар үшін 4 (12,1 пайыз), Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы үшін 25 (75,8 пайыз) дауыс берілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар:

Ақмола облысынан - Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы, 1948 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Көкшетау қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Ақтөбе облысынан - Әміров Иран Әмірұлы, 1944 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтөбе қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Алматы облысынан - Сүлейменов Нұрлан Ильясұлы, 1946 жылы туған, Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Талдықорған қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Атырау облысынан - Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, 1963 жылы туған, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Атырау қ., қазақ «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Шығыс Қазақстан облысынан - Плотников Сергей Викторович, 1960 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қ., орыс, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Жамбыл облысынан - Савченко Александр Георгиевич, 1951 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қ., орыс, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Батыс Қазақстан облысынан - Мұқаев Ерболат Рахметұлы, 1961 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Орал қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қарағанды облысынан - Кубайчук Юрий Алексеевич, 1953 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қарағанды қ., украин, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қызылорда облысынан - Баймаханов Қожахмет, 1953 жылы туған, «Асар-Холдинг ЛТД» ЖШС бас директоры, Қызылорда қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Қостанай облысынан - Валиев Құсайн Қасенұлы, 1948 жылы туған, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, Қостанай қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы-ның мүшесі;

Маңғыстау облысынан - Бортник Михаил Михайлович, 1960 жылы туған, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қ., украин, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Павлодар облысынан - Жұмабаев Ермек Жианшаұлы, 1949 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Железин ауданы, Железин ауылы, қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Солтүстік Қазақстан облысынан - Башмаков Анатолий Афанасьевич, 1949 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Петропавл қ., орыс, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Оңтүстік Қазақстан облысынан - Рахманбердиев Орынбай, 1943 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Шымкент қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Астана қаласынан – Омаров Қайсар Оспанұлы, 1946 жылы туған, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Астана қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі;

Алматы қаласынан - Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы, 1946 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы қ., қазақ, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі.


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы