Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттар сайлауы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы ХАБАР

2005 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы болып өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында өткізілді деп танылғанын хабарлайды.

36 кандидат дауысқа түсті.

3287 таңдаушының 3155-і немесе таңдаушылардың жалпы санының 95.98 пайызы дауыс беруге қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары мынадай болып анықталды:

- Ақмола облысынан Серік Әкпенұлы Аяғанов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 54,0 пайыз, Аманкелді Хамзеұлы Сыздықов үшін 46,0 пайыз дауыс берілді;

- Ақтөбе облысынан Еділбай Исламұлы Иманқұлов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 82,2 пайыз, Мақсат Тілепұлы Сәңкібаев үшін 17,8 пайыз дауыс берілді;

- Алматы облысынан Нүсіпжан Нұрманбетұлы Нұрманбетов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 83,4 пайыз, Қанат Хамзаұлы Сүлейменов үшін 16,6 пайыз дауыс берілді;

- Атырау облысынан Әділгерей Қайралапов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 3,4 пайыз, Қайрат Қыдырбайұлы Ищанов үшін 96,6 пайыз дауыс берілді;

- Шығыс Қазақстан облысынан Талғатбек Жәмшитұлы Абайділдин үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 89,5 пайыз, Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров үшін 10,5 пайыз дауыс берілді;

- Жамбыл облысынан Өмірбек Байгелди үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 97,0 пайыз, Эйвас Фейзулаевич Заманов үшін 3,0 пайыз дауыс берілді;

- Батыс Қазақстан облысынан Рашид Сайранұлы Ахметов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 89,3 пайыз, Анатолий Викторович Смирнов үшін 10,7 пайыз дауыс берілді;

- Қарағанды облысынан Серік Байсеитұлы Ақылбай үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 72,2 пайыз, Сапар Ғабдоллаұлы Есжанов үшін 2,2 пайыз, Рымбала Омарбекова үшін 24,2 пайыз, Ерден Балтабайұлы Халилин үшін 1,4 пайыз дауыс берілді;

- Қызылорда облысынан Алмагүл Божанова үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 14,1 пайыз, Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов үшін 52,1 пайыз, Биғали Әбдікерұлы Қаюпов үшін 33,8 пайыз дауыс берілді;

- Қостанай облысынан Евгений Иосифович Аман үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 88,5 пайыз, Андрей Петрович Сенчев үшін 11,5 пайыз дауыс берілді;

- Маңғыстау облысынан Машани Абылхан үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 44,0 пайыз, Жансейіт Сәрсенқұлов үшін 56,0 пайыз дауыс берілді;

- Павлодар облысынан Сағындық Өлмесекұлы Есімханов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 43,9 пайыз, Жақай Жұбайұлы Нұрғалиев үшін 56,1 пайыз дауыс берілді;

- Солтүстік Қазақстан облысынан Тақсықбай Сейтайұлы Күсемісов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 16,0 пайыз, Тасбай Қабашұлы Симамбаев үшін 84,0 пайыз дауыс берілді;

- Оңтүстік Қазақстан облысынан Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 55,1 пайыз, Жарқынбек Қожанұлы Оспанов үшін 44,9 пайыз дауыс берілді;

- Астана қаласынан Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 95,2 пайыз, Талғат Рашитұлы Құстаулетов үшін 4,8 пайыз дауыс берілді;

- Алматы қаласынан Әбдіғани Раманқұлұлы Атымтаев үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан 0,0 пайыз, Бижанов Ақан Құсайынұлы үшін 97,1 пайыз, Маран Қомпайұлы Тақабаев үшін 2,9 пайыз дауыс берілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар:

- Ақмола облысынан - Серік Әкпенұлы Аяғанов, 1952 жылы туған, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, Көкшетау қ., қазақ;

- Ақтөбе облысынан - Еділбай Исламұлы Иманқұлов, 1953 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Ақтөбе қ., қазақ, Қазақстанның Азаматтық партиясының мүшесі;

- Алматы облысынан - Нүсіпжан Нұрманбетұлы Нұрманбетов, 1938 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Алматы облысының «Бесқайнар» с., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Атырау облысынан - Қайрат Қыдрбайұлы Ищанов, 1950 жылы туған, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Атырау қ., қазақ, Респуб-ликалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Шығыс Қазақстан облысынан - Талғатбек Жәмшитұлы Абайділдин, 1948 жылы туған, Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, Өскемен қ., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Жамбыл облысынан - Өмірбек Байгелди, 1939 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Тараз қ., қазақ, Респуб-ликалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Батыс Қазақстан облысынан - Рашид Сайранұлы Ахметов, 1959 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Орал қ., татар, Республикалық «Асар» партиясының мүшесі;

- Қарағанды облысынан - Серік Байсеитұлы Ақылбай, 1949 жылы туған, Қарағанды облысының прокуроры, Қарағанды қ., қазақ;

- Қызылорда облысынан - Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов, 1945 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қызылорда қ., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Қостанай облысынан - Евгений Иосифович Аман, 1952 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қостанай қ., неміс;

- Маңғыстау облысынан - Жансейіт Сәрсенқұлов, 1953 жылы туған, Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, Ақтау қ., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Павлодар облысынан - Жақай Жұбайұлы Нұрғалиев, 1948 жылы туған, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар қ., қазақ, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының мүшесі;

- Солтүстік Қазақстан облысынан - Тасбай Қабашұлы Симамбаев, 1947 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қ., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Оңтүстік Қазақстан облысынан - Қуаныш Айтаханұлы Айтаханов, 1947 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі, Шәуілдер с., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Астана қаласынан - Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев, 1941 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Астана қ., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі;

- Алматы қаласынан - Бижанов Ақан Құсайынұлы, 1949 жылы туған, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қ., қазақ, Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі.