Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiның депутаттар сайлауы

Төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындылары

2007 жылғы 18 тамызда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау болды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 269310 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 4,54 проценті;

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы 5247720 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 88,41 проценті;

Қазақстан Патриоттары Партиясы 46436 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,78 проценті;

Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы 89855 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,51 проценті;

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы 183346 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,09 проценті;

«Руханият» партиясы 22159 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,37 проценті;

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы 76799 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,29 проценті.

2007 жылғы 20 тамызда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау болды.

Сайлаушылар тізімдеріне 364 азамат енгізілді, олардың ішінен 337 адам немесе 92,58 процент дауыс беруге қатысты.

Сайлауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға дауыс беру кезінде мынадай дауыстар саны берілді:

Ахмадиев Мұрат Абдуреимович – 312 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 93,13 проценті;

Вишниченко Валерий Георгиевич - 310 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,54 проценті;

Каппель Егор Яковлевич – 300 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 89,55 проценті;

Питаленко Леонид Николаевич - 314 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 93,73 проценті;

Полищук Раиса Ивановна - 295 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 88,06 проценті;

Сәдуақасов Қайрат Құтымұлы - 297 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 88,66 проценті;

Халмурадов Розакул Сатыбалдиевич – 314 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 93,73 проценті;

Хочиева Людмила Хисаевна - 310 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 92,54 проценті;

Цой Виктор Евгеньевич - 304 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 90,75 проценті.


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы


Majilis_2007.png