Қазақстан Республикасы Парламент маслихатының депутаттар сайлауы

2012 жылғы 15 қаңтарда болған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ақпарат




2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезекті сайлауы болды.

Сайлау округтері бойынша 10035 кандидат ұсынылды, соның ішінде облыстық мәслихаттарға – 1922, қалалық мәслихаттарға – 2149, аудандық мәслихаттарға – 5964 адам.

9165 кандидат тіркелген, соның ішінде облыстық – 1752, қалалық мәслихаттарға – 1890 және аудандық мәслихаттарға – 5523 адам.

Тіркелгеннен кейін 1237 кандидат алынып тасталды, соның ішінде 659 – өз өтініштері бойынша және тағы 575 – округтік сайлау комиссияларының шешімдері негізінде.

Республика бойынша 1 мандатқа бәсекелестік орташа есеппен 2 кандидаттан астам болды.

Сайлау 3334 сайлау округі бойынша өтті, соның ішінде: 550 - облыстық, Астана және Алматы қалалық, 625 - қалалық, 2159 - аудандық сайлау округтері бойынша.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының депутатын сайлау бойынша № 10 сайлау округінде тіркелген екі кандидаттың біреуінің тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалуына (қайтыс болуына) байланысты, бұл сайлау округінде сайлау 2012 жылғы 12 ақпанда болды.

15 қаңтарда өткен дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 3334 депутаты сайланған. Олардың 2728-і - ерлер (81,8%) және 606-ы - әйелдер (18,2%).

Сайланғандардың арасында 32 ұлттың өкілдері бар.

Жасы бойынша: 30-ға дейін – 129 (3,9%); 35-ке дейін – 164 (4,9%); 45-ке дейін – 698 (20,9%); 55-ке дейін – 1478 (44,3%); 60-қа дейін – 577 (17,3%); 65-ке дейін – 249 (7,5%); жасы 65-тен асқан – 39 (1,2%).

Сайланған мәслихат депутаттарының 2990-ның (89,7%) - жоғары білімі, 269-ның (8,1%) - арнаулы орта, 71-нің (2,1%) - орта білімі бар.

Мамандығы бойынша: инженерлер (энергетиктер, құрылысшылар, механиктер, техниктер, байланысшылар, технологтар) – 815 (24,4%); оқытушылар – 684 (20,5%); экономистер – 340 (10,2%); ауылшаруашылық қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері) – 271 (8,1%); дәрігерлер – 263 (7,9%); заңгерлер – 157 (4,7%); саясаттанушылар – 11 (0,3%); мамандағын атамағандар – 143 (4,3%); басқа мамандық иелері – 306 (9,2%).

Жұмысы бойынша: коммерциялық құрылымдардың еңбеккерлері – 1536 (46,1%); мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдадың қызметкерлері – 1167 (35%); әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері – 197 (5,9%); саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері – 123 (3,7%); уақытша жұмыс істемейтіндер – 25 (0,7%); зейнеткерлер – 13 (0,4%); басқалар – 181 (5,4%).